Таулы аймақтарда жаңбыр жауады — Қазгидромет

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК 25 қазандағы ауа райы болжамын жариялады. 

погода, ауа райы, осень, күз, байтерек
Фото: Агибай Аяпбергенов / Kazinform

Синоптиктердің болжамынша, солтүстік антициклон әсерінен еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек солтүстік-батыста, солтүстікте, орталық пен оңтүстіктің таулы аудандарында фронталды бөлімдердің өтуімен жауын-шашын болады. Бұл аймақтарда жаңбыр жауады.

Республиканың біраз аумағын түнгі және таңертеңгі уақытта тұман басады. Еліміздің солтүстігі мен оңтүстік-шығысында жел күшейеді.

Астана қаласында күн бұлтты, ауа температурасы +10+12 градус болады. 

Алматыда күн жылы, термометр +20+22 градусты көрсетеді. 

Ал Шымкент қаласында +23+25°C жылы болады.

Айта кетейік, Қазақстанның 15 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды.

Соңғы жаңалықтар