Tax Free пилоттық жобасының уақыты ұзартылмақ

АСТАНА. KAZINFORM – Tax Free пилоттық жобасы 2025 жылдың соңына дейін ұзартылмақ. Қаржы министрлігінің тиісті бұйрық жобасы ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында жарияланды.

Алматы турист
Фото: Александр Павский/Kazinform

Айта кетейік, Tax Free пилоттық жобасы Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік туристерді тарта отырып, келу туризмін дамыту және кәсіпкерлік субъектілерінің айналымын арттыру мақсатында туристерге (шет мемлекеттердің азаматтарына) тауарларды ЕАЭО кедендік аумағынан тысқары жерлерге әкету кезінде кемінде 20 ең төменгі есептік көрсеткіш мөлшерінде ҚҚС сомасын өтеуді көздейді.

Жоба 2019 жылдың 15 тамызы мен 2024 жылдың 31 желтоқсаны аралығында жүзеге асырылып жатыр. Енді ол тағы бір жылға ұзартылмақ.

Бұйрық жобасы 18 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылауда болады.

Бұған дейін туристер енді Бурабай табиғатын тікұшақпен тамашалай алатыны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар