Тай бокстан әйелдер жекпе-жегі: қырғызстандық спортшы атақты Холли Холмнан басым түсті (ВИДЕО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Валентина Шевченко мен америкалық Холли Холм арасындағы тай боксы бойынша жекпе-жек қырғызстандықтың жеңісімен аяқталды.

 Тай бокстан әйелдер жекпе-жегі: қырғызстандық спортшы атақты Холли Холмнан басым түсті  (ВИДЕО)

Бұл туралы Қырғызстанның тай боксы федерациясы Facebookтегі парақшасында жазды, деп хабарлады КирТАГ.

UFC on Fox 20 турниріндегі Валентина Шевченко мен Холли Холм жекпе-жегі 24 шілдеде Чикагода (АҚШ) өтті. Кездесу 5 кезеңге созылды. Оның қорытындысы бойынша төрешілердің шешімімен 49-46 есебімен Шевченконың пайдасына шешілді. Спортшылар 62 кг салмақ дәрежесінде айқасты.