Таяу арада Байқоңырда «Протон-М» зымыран-тасығышының апатты болуына байланысты төленетін өтемақының көлемі белгілі болады

АСТАНА. 7 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстан жақын арада биылғы жазда Байқоңырда апатқа ұшыраған «Протон-М» зымыран-тасығышының салдарынан төленетін өтемақаның сомасын жария етеді. Бұл жайында бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров мәлім етті.
None
None

«2 шілдеде «Протон-М» зымыран-тасығышының құлауы салдарынан келтірілген шығын үшін айыппұлды есептеу мәселесі бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Қоршаған ортаны қорғау министрлігі экологиялық шығынды есептеуде. Денсаулық сақтау министрлігі де ресейлік тарапқа өзінің талап тілегін алға тартады. Есептеулер жүріп жатыр және жақын арада олар көршілес мемлекетке ұсынылады», - деді министр.

Соңғы жаңалықтар