Таяу арада теңге бағамы нығаяды - ҚР Ұлттық банк төрағасы

МАТЫ. 9 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Теңгенің АҚШ долларына қатысты бағамының нығаюы 145 теңгеден төмендемейді. Оны ҚР Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
None
None

"Банктер мен экспортерлерде үлкен көлемде доллар бар. Ағымдағы ахуал Қазақстан үшін қолайлы. Сол себепті таяу арада теңге бағамының нығаюы мүмкіндігі мол", - деді Г. Марченко. Григорий Александровичтің айтуынша, теңге бағамының нығаюы үшін қажетті экономикалық, қаржылық жәйттер жағымды. Дегенмен Ұлттық банк теңге бағамының күрт нығаюына жол бермейді. АҚШ долларына қатысты бағам 145-теңгеден асырылмайды.

Қазан айында валюта нарығындағы ахуал тыныш болды. Теңгенің АҚШ долларына қатысты бағамы 147,54-148,36 теңге ауқмында ауытқыды. Бұл айда теңге 0,1 пайыз нығайды және айдың аяғында теңгенің биржалық бағамы 1 доллар үшін 147,77 теңге болды. Бас банкирдің сөзіне қарағанда, Қазақстан қор биржасындағы биржалық операциялардың көлемі қосымша сауда-саттықтардағы мәмілерді ескергенде қыркүйекпен салыстырғанда 30,1 пайызға азайып, 4,9 миллиард доллар болды. Тұтастай алғанда ішкі валюта нарығындағы операциялардың көлемі 31,1 пайызға азайды. Ұлттық банк қазанда ішкі валюта нарығында негізінен шетел валютасын нетто-сатушы болды.

Соңғы жаңалықтар