Таяу екі жылда инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысына 40 млрд. теңге бөлінеді- С.Нокин

АСТАНА. 15 ақпан. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Таяу екі жылда инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысына 40 млрд. теңге бөлінеді.
None
None

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің төрағасы Серік Нокин мәлім етті.

Оның атап өтуінше, инженерлік желілер салу тұрғын үй құрылысы ауданында, сонымен қатар жеке тұрғын құрылыстары үшін де жүзеге асырылатын болады.

«2011-2012 жылдары бұл мақсаттарға қосымша 40 млрд теңге, оның ішінде 2011 жылы 10 млрд. теңге бөлу ұсынылады», - деді С.Нокин.

Агенттік төрағасының пайымынша, бұл жыл сайын 1,2 млн. шаршы метрге жуық жеке тұрғын үй салуға мүмкіндік береді және мемлекеттік, коммерциялық тұрғын үйлердің дер уақытында пайдалануға берілуін қамтамасыз ететін болады.

Соңғы жаңалықтар