Таяу Шығыстағы ахуал: Қанша қазақстандық елге оралды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазіргі таңда Қазақстанға 946 жолаушы қайтарылды, деп хабарлайды Көлік министрлігінің баспасөз қызметі.

Атырауға Медина қаласынан чартерлік рейс қонды
Фото: Нұрбибі Теміртасова/Kazinform

4 наурыз күні Таяу Шығыс елдерінен қайтарылған Қазақстан азаматтары мінген ұшақтар ел әуежайларына келіп қонды.

Air Astana компаниясы Медина мен Жиддадан бірнеше рейс орындады:

KC2202 рейсі Ақтау қаласына сағат 21:28–де қонды, бортта 142 адам болды;

KC2208 Медина — Атырау бағыты бойынша сағат 01:19–да қонды, 145 адам;

KC2206 Жидда — Атырау бағыты бойынша сағат 02:50–де қонды, 174 адам;

KC2204 Жидда — Атырау бағыты бойынша сағат 03:34–те қонды, 179 адам болды.

Сонымен қатар, SCAT әуе компаниясы Boeing 767 әуе кемесімен Алматы — Маскат — Алматы бағыты бойынша рейс орындалып жатыр. Ұшақта шамамен 290 орын бар.

— Қазіргі таңға дейін Қазақстанға 946 жолаушы қайтарылды. Қазақстан азаматтарын елге қайтару жұмыстары жалғасып жатыр, — делінген министрлік хабарламасында.

Бұған дейін Атырау қаласына Сауд Арабиясының Медина қаласынан ұшып келген чартерлік рейс қонғанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар
Референдум