Таяу Шығыстағы ахуалдың мұнай нарығына әсері қандай - Алмасадам Сәтқалиевтің жауабы

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Израильдегі қақтығыстың мұнай нарығына әсері бойынша пікір білдірді, деп хабарлайды Kazinform.

алмасадам
Фото: Kazinform

«Жалпы, мұнай сатып алатын негізгі елдерде сұраныс артқанын байқап отырмыз. ОПЕК+ ұйымына мүше мемлекеттерде теңгерімді көзқарас бар. Мұнай нарығында тапшылық болған жағдайда, бұл елдер қажет қорды тұтынушыларға ұсына алады. Сондықтан осы саладағы қадамдар нарық аясында реттеледі деп санаймын», - деді А. Сәтқалиев Kazinform тілшісінің сұрағына жауап бере отырып.

Министрдің айтуынша, еліміздің мұнай саласындағы жағдай айтарлықтай тұрақты.

«Қазақстанның мұнай өндіру саласы тиісті жоспар аясында жұмыс істеп тұр. Сонымен бірге экспорттық тасымалдар жоспарлы түрде атқарылып жатыр», - деді министр.

Соңғы жаңалықтар