Таяу Шығыстағы геосаяси жағдай FlyArystan әуе рейстеріне әсер ете ме
АЛМАТЫ. KAZINFORM – FlyArystan әуекомпаниясы Таяу Шығыстағы жағдай халықаралық және чартерлік рейстерінің кестесіне әсер етпейтінін хабарлады.

FlyArystan баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, компанияның рейстері Иранның әуе кеңістігінен өтпейді.
– Әуекомпания рейстері Иранның әуе кеңістігінен және басқа да шектеулі аймақтардан өтпейтініне назарларыңызды аударамыз. FlyArystan жағдайды үнемі бақылап отырады және ресми шектеулерді қатаң түрде сақтайды, - деп хабарлады әуекомпаниядан.
Еске салайық, бұған дейін Air Astana Иранның әуе кеңістігін айналып өтіп, Дубайға ұшатынын жазғанбыз.
Қазақстанның Азаматтық авиация комитеті Таяу Шығыстағы күрделі ахуалға байланысты мәлімдеме жасаған болатын.
Сондай-ақ Қазақстанның Израильдегі Елшілігі Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты үндеу жасады.