Таяу Шығыстағы қақтығыс: Қазақстан азаматтарын эвакуациялауы мүмкін бе

АСТАНА. KAZINFORM – Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыс ахуалға байланысты Қазақстан азаматтарын эвакуациялауға қатысты түсінік берді.

Kazakhstani nationals in Israel advised to stay 'vigilant' amid escalating situation in Middle East
Photo credit: Pixabay

«Қазақстан азаматтарын эвакуациялау мәселесі пысықталып жатыр және ол Сыртқы істер министрлігінің ерекше бақылауында. Отандастарымызды қиын жағдайда қалдырмаймыз, Қазақстан Республикасының шетелдегі әрбір азаматына қамқор болу – сыртқы саяси ведомствоның негізгі міндеті», - деп мәлімдеді ведомствоның ресми өкілі Айбек Смадияров баспасөз мәслихатында. 

Ресми өкілдің айтуынша, қазір министрлік уәкілетті органдармен бірлесіп репатриациялық рейстерді ұйымдастыру бойынша ахуалға мониторинг жүргізіп отыр. 

«Бүгінде Израильдің халықаралық әуежайы штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Ал Иранда барлық рейс 3 қазанға (таңға дейін) дейін тоқтатылды. 1 қазанға дейін Ливандағы 100-ден астам шетел елшіліктері өз азаматтарын эвакуациялаған жоқ. Оның үстіне Ливан билігі тарапынан тиісті бұйрық болған жоқ», - деп толықтырды А. Смадияров. 

Бұған дейін хабарлағанымыздай Таяу Шығыстағы шиеленіске қатысты ҚР Сыртқы істер министрлігі үндеу жасады.

Сондай-ақ, еліміздің Израиль, Иран және Ливандағы дипломаттары күшейтілген жұмыс режиміне көшкенін хабарладық.

Айта кетейік, Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Таяу Шығыстағы қақтығыстан зардап шеккен Қазақстан азаматтары жоқ.

Соңғы жаңалықтар