Таяу Шығыстағы жағдайдың ұшығуына байланысты елшілік Израильдегі Қазақстан азаматтарына үндеу жасады

АСТАНА. KAZINFORM – Таяу Шығыстағы жағдайдың ұшығуына байланысты Қазақстанның Тель-Авивтегі Елшілігі Израильдегі барлық Қазақстан азаматтарына қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды. Бұл туралы ҚР Израиль мемлекетіндегі елшілігі мәлім етті.

Таяу Шығыстағы жағдайдың ұшығуына байланысты елшілік Израильдегі Қазақстан заматтарына үндеу жасады
Фото: Сауда және интеграция министрлігі

— Қазақстанның Тель-Авивтегі Елшілігі Израильдегі барлық Қазақстан азаматтарына Тыл қолбасшылығының нұсқауларын (https://www.oref.org.il/ru) сақтауға, қауіпсіздік шараларын барынша күшейтуді, сақтық пен қырағылық танытуды, соңғы жаңалықтарды қадағалауды, сондай-ақ Қазақстан Елшілігімен байланыста болуды сұрайды, — делінген хабарламада.

Израильдегі Қазақстан азаматтары үшін жедел желі телефон нөмірлері:

Қазақстанның Израильдегі Елшілігінің байланыс нөмірлері:

+972 (3) 503 78 85 (кезекші)
+972 53 635 19 83 (ұялы телефон, WhatsApp)
+972 55 273 38 13 (ұялы телефон, WhatsApp)
+7 700 111 31 96 (WhatsApp)

Еске сала кетейік, бүгін түнде Израиль Иранға соққы беріп, әуе кеңістігін жауып тастады.

Соңғы жаңалықтар