Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты 6 елдің әуе кеңістігін пайдалануға тыйым салынды
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Биыл 13 маусымнан бастап Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты азаматтық авиация қауіпсіздігіне төнетін қауіптің жоғары деңгейін ескере отырып, Қазақстанның авиациялық әкімшілігі қазақстандық әуе компанияларға 6 елдің – Иран, Израиль, Ирак, Иордания, Сирия және Ливанның әуе кеңістігін пайдалануға тыйым салды.

Осыған байланысты Таяу Шығысқа жолаушылар тасымалын орындайтын әуе компаниялар өз рейстерін осы елдердің әуе кеңістігінде жүзеге асырмай, айналып ұшады.
Айта кету керек, осы жылдың 17 маусымында «SCAT» әуе компаниясы Ираннан Қазақстан Республикасының 89 азаматтарын шығару мақсатында Ашхабад – Астана бағыты бойынша рейсті орындады. Рейс қолданыстағы шектеулерге сәйкес толық орындалды.
Айта кетейік, SCAT әуе компаниясы рейстердің кешігетіні туралы ескерту жасады.
Таяу Шығыстағы қақтығыс әуе қатынасына әсер етіп, рейстер тоқтатылып жатыр.
Таяу Шығыстағы қақтығыстың шиеленісуіне байланысты Air Astana рейстері тоқтатылды.