Таяуда дағдарыс болуы мүмкін бе - Үкімет жауабы

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанда қаржылық дағдарыс болуы мүмкін бе? Бұл сұраққа Премьер-министрдің орынбасары — Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин жауап берді.

Серік Жұманғарин
Фото: Видеодан алынған скрин

— Қазақстан халқына ешқандай дағдарысқа дайындалудың қажеті жоқ, өйткені біз жеткілікті әрі сенімді сыртқы буфер құрып жатырмыз. Сондықтан келер жылы Ұлттық қордан нысаналы трансферттерді тартпайтын болдық. Ұлттық қордың өзі біздің ішкі және сыртқы кез келген жағдайға қарсы сенімді буфер саналады. Оның капиталын өсіру керек, яғни қазір Ұлттық қордың жинақтау функциясын күшейтіп жатырмыз, - деді С. Жұманғарин Мәжілістің жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Мәжілісте «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы 2026 — 2028 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» Заңы қабылданды.

Сонымен қатар, палата депутаттары 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын қабылдады.

 

Соңғы жаңалықтар