Таяуда елде екі жәрдемақының сомасы артады

АСТАНА. KAZINFORM — ҚР Үкіметінің «Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтiк төлемдердің мөлшерін 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап арттыру туралы» қаулысының жобасы жарияланды.

жәрдемақы
Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Құжатта мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен және асыраушысынан айырылған жағдайда тағайындалған әлеуметтік төлемдерді 8,5%-ға индексациялау қарастырылған. Бұл ретте халықтың әлеуметтік төлемдер алатын санатын қорғау ескерілген.

«Ашық НҚА» порталына жарияланған қаулы жобасы 2 қарашаға дейін қоғамдық талқылауда болады. 

Бұған дейін хабарланғандай, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев табысы аз отбасыларды қолдау тетігін түсіндірді.