Таяуда Қырғызстан президенті Өзбекстанға мемлекеттік сапармен бармақ

Қырғыз президенті Өзбекстанға барады
Фото: Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Жақын арада Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың Өзбекстанға мемлекеттік сапары жоспарланып отыр, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі Әлихан Асқар.

Аталған сапар туралы Бішкекте өткен Қырғызстан-Өзбекстан бизнес-форумында Қырғызстанның Экономика және коммерция министрінің орынбасары Санжар Болотов айтты.

«Жақын арада Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаровтың Өзбекстанға мемлекеттік сапары жоспарланып отыр. Қос президенттің алдағы кездесуі көршілес және өзара тиімді қарым-қатынастарды дамытуға, елдеріміз арасындағы достық байланыстарды нығайтудағы маңызды сәт болады. Екі ел үкіметтерінің алдына өзара тауар айналымын 2 млрд долларға жеткізу міндеті қойылды. Бұл қол жеткізуге болатын меже. Ол үшін бірлесіп жұмыс істеп, барлық механизмдерді пайдалануымыз керек», - деп атап өтті Санжар Болотов.

Айта кетсек, Садыр Жапаров кейінгі рет Өзбекстанға 2021 жылы наурызда мемлекеттік сапармен келген болатын.

Соңғы жаңалықтар