16:07, 23 Ақпан 2009 | GMT +5
Таяудағы екі жылда Жамбыл облысына екі мыңнан астам оралман қоныс аударып келеді деп жоспарлануда
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ – Жамбыл облыстық мәслихатының кезекті сессиясында «Нұрлы көш» аймақтық бағдарламасы қабылданды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі аймақ әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Бағдарлама аясында таяудағы екі жыл ішінде ? аймаққа 2009-2011 жылдары қоныс аударуға 2019 отбасы келеді, оларды тұрғын үймен және жұмыспен қамту қарастырылған. Осы мақсатқа мемлекеттік бюджеттен 9 857,6 млн. теңге бөлу көзделген.Жамбыл облыстық әкімдігі статистика басқармасының деректері бойынша, соңғы 18 жыл ішінде облыста тұрақты тұру үшін таяу және алыс шетелдерден 70 мың адам, олардың 40 мыңы квота бойынша көшіп келді.