Тайланд өкілдері ЭКСПО-да қалдықтарды пайдалану арқылы энергия өндіруді үйретеді

«Өздеріңізде білесіздер, Тайланд ауыл шаруашылығы дамыған елдердің бірі саналады. Осы тұрғыдан келгенде өзіміздің тарихи тамырымызға қайта бойлап, ауыл шаруашылығы өнімдері қалдықтарын пайдалану арқылы жаңаратын энергия көздерін өндіру жолдарын көрсетпек ойымызда бар. Біз өндірген ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі жылына 80 миллион тоннаны құрайды. Осы өнімдердің қалдықтарынан жаңаратын энергия көздерін шығаруға болады», - деді ол.
Елшінің айтуынша, ЭКСПО-2017 көрмесіндегі Тайланд ұлттық павильонының 60 пайызы құрылыс-монтаждау жұмыстарымен, яғни ішкі көрініспен жабдықталады.
«Павильон үш бөлмеден тұрады. Оның біріншісінде Тайланд жайында жалпы мағлұмат береміз. Екінші бөлмеде жаңаратын энергия саласындағы Тайланд жетістіктері, тарихы көрсетіледі. Ал үшінші бөлмеде зертхана болады. Онда болашақ энергиясы өндіріледі», - деді Нат Пиньоваттанчип.
Айта кетейік, ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі үстіміздегі жылдың 10 маусымында басталып, 10 қыркүйекте аяқталады. Көрмеге 2 миллионнан астам адам келеді деп күтілуде. Олар көрмені кемінде екі мәрте аралайды деп жоспарланған. Жалпы көрмені тамашалаушылардың 85 пайызын Қазақстан азаматтары, ал қалған 15 пайызын шетелдіктер құрайды. Шетелдіктердің басым бөлігін ТМД елдерінің және Қытайдың азаматтары құрайды деп күтілуде. Қазіргі уақытта 112 мемлекет пен 18 халықаралық ұйым ЭКСПО көрмесіне қатысатындығын ресми түрде растап отыр.