Тайландтағы турнир: 9 қазақстандық боксшы жартылай финалға шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Таиландтың Пхукет қаласында қаласында өтіп жатқан Thailand Open-2022 турнирінде қазақстандық тоғыз боксшы жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін ширек финалда Серік Теміржанов (57 келі) сингапурлік Мохамед Ханурдин Бин Хамидті жеңді.

Ал ел құрамасынан Сәкен Бибосынов (52 келі) таиландтық Танарат Саенфетті тізе бүктірді.

Еске салсақ, бұдан бұрын Санатәли Төлтаев пен Сұлтан Мусинов ( екеуі де 63 келі), Асланбек Шымбергенов (69 келі), Аятулла Тәкіжанов (75 келі), Сағындық Тоғамбай және Айбек Оралбай (екеуі де 91 келі) жартылай финалға шықты.

Сондай-ақ, турнирде қазақстандық тағы бір боксшы Нұрбек Оралбай бірден жартылай финалға шығып, жүлдегер атануға мүмкіндік алды.

Ел құрамасынан Тимур Нұрсейітов (75 келі) ширек финалда жарыс жолынан шығып қалды.

Халықаралық турнир 9 сәуірде мәресіне жетеді.


Соңғы жаңалықтар