Тайваньда 6,5 магнитудалы қуатпен жер сілкінді

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Сенбі күні кешке Тайваньда 6,5 магнитудалы қуатпен жер сілкінді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі Қытай сейсмология орталығына сілтеме жасап.

Тайваньда 6,5 магнитудалы қуатпен жер сілкінді

Мәліметке сәйкес, сенбі күні жергілікті уақытпен сағат 21:41-де Тайвань аралының оңтүстік бөлігінде жер сілкінді, магнитудасы – 6,5.

Зілзала ошағы Тайбэй қаласынан 220 шақырымнан астам жерде орналасты. Тереңдігі – 10 шақырым.

Негізгі дүмпуден кейін магнитудасы азырақ бірнеше афтершок тіркелді.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, қатты жерасты дүмпуі Тайвань аралының бүкіл аумағында, сондай-ақ Тайвань бұғазының өзге жағалауында орналасқан Фуцзянь, Чжэцзян және Гуандун провинцияларында байқалды.

Қираулар мен зардап шеккендер туралы мәлімет түспеген.