Тайваньдағы жер сілкінісінде 132 адам үйінді астында қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұған дейін Тайваньдағы Тайнань қаласында жер сілкінгені туралы хабарланған болатын. Соңғы ақпараттарға сүйенсек, зілзалада қираған 17 қабатты ғимарат үйіндісі астында кем дегенде 132 адам қалды, деп хабарлады «ВВС» агенттігі.

Тайваньдағы жер сілкінісінде 132 адам үйінді астында қалды

Көп қабатты тұрғын үйде 96 пәтер болған, онда 256 адам қоныстанған. Жер асты дүмпуінен үй екіге қақ айырылған, оның жоғарғы бөлігі жерге құлады.
Құтқарушылар хабарлағандай, қазір олар бергі жақтарды ғана тексере алды. Ал күрделі орындарға жету үшін ауыр құрылыс техникасы қажет.
Соңғы деректерде 18 адам жер сілкінісінің құрбаны болғаны, 500-ге жуық адам жараланып, 300-ден астам адам құтқарылғаны айтылған.