Тайваньдағы АЭС-те болған өрт: радиация деңгейі қандай

АСТАНА. KAZINFORM — Тайваньнның оңтүстігіндегі атом электр станциясында тұтанған өрт сөндірілді және қауіп төндірмейді, деп хабарлайды Reuters.

Тайваньдағы АЭС-те болған өрт: радиация деңгейі қандай
Фото: x.com/taiwanplusnews

Бұл туралы бейсенбі күні Taiwan Power Company энергетикалық компаниясы хабарлады.

Компания мәлімдемесіне сәйкес, Пиндун уезіндегі Мааньшан атом электр стансасындағы өрт ядролық жабдықтан 50 метрдей жерде болған және электр қуатын өндіруге әсер етпеген.

Ядролық қауіпсіздік жөніндегі комиссия радиациялық қауіп жоқ екенін және барлық блок қалыпты режимде жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді, деп жазды TaiwanPlus.

Өткен жылы Жапонияның 2011 жылы зардап шеккен аймағында алғаш рет ядролық реактор қайта іске қосылды

Алайда кейін оның жұмысы тоқтатылды, бұған реактордың жағдайын тексеретін құрылғыны орнату кезінде қиындықтар туындауы себеп болды.

Соңғы жаңалықтар