Тайыр Мансұров ҚР Президентіне ЕурАзЭҚ мемлекетаралық кеңесі отырысын өткізуге әзірлік туралы баяндады

СТАНА. Маусымның 30-ы. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ЕурАзЭҚ-тың Бас хатшысы Тайыр Мансұровты қабылдады.
None
None

Т.Мансұров Президентке биылғы жылы шілденің 5-інде Астанада өтетін ЕурАзЭҚ-тың мемлекетаралық кеңесінің отырысын өткізуге дайындығы ( ЕурАзЭҚ-тың және Кедендік одақтың жоғарғы органы) туралы хабарлады. Бұл отырыста Кедендік одақтың күшіне енуі және Кедендік одақ мәселелерін қарау жөніндегі өкілеттікті кеңейтетін ЕурАзЭҚ соттары мәртебесінің жаңа редакциясы жөнінде маңызды құжаттар қабылданатын болады, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

ЕурАзЭҚ-тың Бас хатшысы сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевқа ЕурАзЭҚ-тың мемлекетаралық кеңесінің төрағасы ретінде Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың 10 жылдығына байланысты ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің мәлімдемесінің мәтіні барлық тараптармен келісілгенін мәлімдеді.

Әңгімелесу барысында сондай-ақ алда өтетін ЕурАзЭҚ-тың мемлекетаралық кеңесі отырысының күн тәртібі талқыланды.

Соңғы жаңалықтар