«Таза қала» − Президент Телерадиокешенінің жаңа жобасы
АСТАНА. KAZINFORM – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» бастамасы аясында «Таза қала» ауқымды тележобасы әзірленіп жатыр.
Түсірілім тобы Қазақстанның ірі және шағын қалаларына барады және әрқайсысының тазалығы мен көркі туралы әңгімелейді. Журналистер жергілікті тұрғындармен кездеседі, коммуналдық қызметтердің жұмысын көреді, қоғамдық бірлестіктер өкілдерімен, аймақтың экологиялық өміріне белсенді қатысатын барлық еріктілермен танысады.
«Таза қала» жобасының әр шығарылымында тілшілер жергілікті билік өкілдерімен сұхбаттасып, тәуелсіз эколог-сарапшылармен бірге өз бағаларын береді. Бұл елді мекендер мен жалпы өңірлердің санитарлық тазалық, экологиялық тазалық, абаттандыру бойынша объективті рейтингін жасауға мүмкіндік береді.
«Таза қала» тележобасының түсірілімі Тараз, Шымкент, Түркістан, Қызылорда қалаларынан басталды. Бағдарлама шығарылымдары 7 маусымнан бастап «Jibek Joly» телеарнасының эфирінен көрсетіледі, ал Kazinform агенттігінің сайтында фото және видеорепортаждар сериясы шығады.
Көрермендерімізді Қазақстан қалаларының тазалық рейтингін жасау үшін «Таза қала» экологиялық жоба шығарылымдарын көруге шақырамыз. Расында да, әрқайсысымыздың артымызда күнделікті күтімді, ұқыптылықты және оны үнемі безендіруге тырысуды қажет ететін туған қаламыз тұр. Ауладағы, көшедегі, аудандағы тазалық – тұтас елдегі тазалық.