Тазабек Икрамов: Жау ғана туын жасырын ауыстырады

Қырғыз туы
Фото: 24.kg

Жаңа ту құрметті қарауыл, салтанатты әнұран аясында және Мемлекеттік хатшының қатысуымен көтерілуі тиіс болатын. Жогорку Кенеш депутаты Тазабек Икрамов Facebook парақшасында осылай деп жазды. Kazinform бұл туралы 24.kg сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен жиында Мемлекеттік хатшы тудың түзетілу себебін және қай жерде түзетулер енгізілгенін түсіндіруі тиіс еді. Ту жай нәрсе емес. Бұл тұтас идеология! Сонымен қатар, Жогорку Кенеш ұсынған тудың нұсқасы басқа, Уикипедияда көрсетілген ту басқа. Бұл тек халықтың наразылығын тудырады», - деп жазды ол.

Халық депутаты жедел түрде президент басқаратын мемлекеттік комиссия құрып, тиісті тұлғаларды жауапқа тартуды ұсынды.

«Мұнсыз қоғам арасындағы наразылық күшейе береді», - деп түйіндеді ол.

Соңғы жаңалықтар