14:01, 25 Сәуір 2013 | GMT +5
Тәж-Махал маңында жарылыс болды
АСТАНА. 25 сәуір. ҚазАқпарат - Үндістанның солтүстігіндегі Агра қаласында орналасқан әлемге әйгілі Тәж-Махал маңында жарылыс болды.
Оқиға салдарынан екі жергілікті тұрғын қаза тапты. Бұл туралы жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасаған ресейлік «Жаңалықтар» агенттігі хабарлап отыр.
Тілшілердің мәліметіне қарағанда, жарылыс шамамен Тәж-Махалдан 1,5 шақырымдай жерде болған.