«Тажен» өткізу пункті 1 қыркүйекке дейін жабылады

АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекеттік кірістер комитеті «Тажен» өткізу пункті 1 қыркүйекке дейін уақытша жабылатынын хабарлады.

Өткізу бекеті, кедендік бақылау аймағы
Фото: Әлихан Асқар/Kazinform

— Өзбекстан Республикасымен келісім бойынша, Қазақстан «Тажен» өткізу пункті арқылы шекарадан өтуге жеке тұлғаларға, жеңіл автокөліктерге, автобустарға және 3,5 тоннаға дейінгі көлік құралдарына қатысты уақытша тыйымды 2025 жылғы 1 қыркүйекке дейін ұзартты, — делінген хабарламада.

Шектеу өткізу пунктінде және оған іргелес инфрақұрылымда жүргізіліп жатқан құрылыс және қайта жаңарту жұмыстарына байланысты енгізілгені айтылған. Оған күрделі жөндеу, инженерлік желілерді тарту және бейтарап аймақта жол салу жұмыстары кіреді.

Мемлекеттік кірістер комитеті азаматтарға сапарларын жоспарлау кезінде бұл шектеуді ескеруге кеңес берді. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Кірістер комитеті Қазақстан мен Қытай шекарасындағы кептеліске қатысты түсінік берген еді.

Соңғы жаңалықтар