Тәжік жазушысы В.Гаффоридің Қазақстан Президентінің қызметі туралы «Еңбек әміршісі» кітабы таныстырылды

АСТАНА. 8 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Тәжікстан Республикасндағы Қазақстан елшілігінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесін шақыру бастамасына 20 жыл толуына орай қабылдау ұйымдастырылды, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.
None
None

Шараға Тәжікстан Президенті әкімшілігінің, министрліктер мен ведомстволардың өкілдері, жетекші БАҚ бас редакторлары, елдің сарапшылық және ғылыми ортасының өкілдері қатысты.

Тәжікстандағы Қазақстанның елшісі Ағыбай Смағұлов қатысушыларды АӨІСШК қызметімен және Астанада өткен АӨІСШК қатысушы-мемлекеттері сыртқы істер министрлерінің 4-кездесуі қорытындыларымен таныстырды.

Тәжікстан Президентінің сыртқы саясат жөніндегі аға кеңесшісі  Зафар Сайидзода өз сөзінде ҚР Президентінің бастамасы 20 жыл ішінде көпжақты дипломатияның тиімді форумына айналды және Азия мемлекеттерінің көптеген бөлігін оң тұғырнамаға біріктірді деп атап өтті.

Қабылдау кезінде тәжік жазушысы В.Гаффоридің ҚР Президенті Н.Назарбаевтың қызметі туралы «Еңбек әміршісі» атты тәжік тіліндегі кітабы таныстырылды. Сондай-ақ шара аясында АӨІСШК туралы деректі фильм көрсетіліп, көрме ұйымдастырылды.

Соңғы жаңалықтар