Тәжікстан есірткі айналымымен күресте 22 елмен келісімге қол қойды - Тәжікстан Президент жанындағы Есірткіні бақылау агенттігінің директоры
Тәжікстан Президенті жанындағы Есірткіні бақылау агенттігінің директоры Рустам Назаров бүгін Алматыда Есірткі құралдары, психтропты заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымымен күрес жөніндегі Орталықазиялық аймақтық ақпараттық үйлестіру орталығына (ОААҮО) қатысушы-мемлекеттермен құпия ақпараттарды алмасу және қорғау жөніндегі келісімге қол қою рәсімінде осылай айтты.
"Тәжікстан Ауғанстанмен шекаралас елдердің бірі. Ауғанстан қазіргі күні апиын ғана емес есірткінің өзге түрлерін де негізгі өндіруші ел. Бұл елден шығатын заңсыз есірткінің солтүстік дәлізі біздің мемлекетттің аумағы арқылы өтеді. Сондықтан ол Тәжікстан Үкіметінің басым бағыттарының бірі болып отыр", - дейді генерал-майор Рустам Урманұлы. Р.Назаровтың айтуынша, заңсыз есірткі айналымымен күресте Тәжікстанда мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда. Бұл бағытта 22 елмен үкіметаралық келісімге қол қойылған. Тәжікстан сондай-ақ есірткіге қарсы күрес жөніндегі барлық халықаралық жобаларға белсенді түрде қатысуда. Қазіргі таңда Ауғанстанның шекаралас Бадақшан, Тахор және Құндыз провинцияларында Тәжікстанның өкілдігі жұмыс жасайды. Екі елдің құзырлы органдары бірлескен операциялар кезінде үлкен көлемдегі есірткілер мен қару-жарақты анықтап, есірткі жасайтын зертханаларды жойып, заңсыз бизнеспен айналысушыларды ұстауда.