Тәжікстан мен Ауғанстан шекарасында жер сілкінісі тіркелді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 5 мамыр күні Алматы уақыты бойынша 10.52-де «ҚР БҒМ ҰК СТӘЭ» ММ-нің сейсмикалық стансаларының желісі жер сілкінісін тіркеді.
Оның ошағы Алматы қаласынан оңтүстік батысқа қарай 776 шақырым жерде, Тәжікстан мен Ауғанстан шекарасында болды.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 11,4, тербелісі - 5,0. Тереңдігі - 200 шақырым.
Алматыда жер асты дүмпуі сезілген жоқ.