Тәжікстан мен Қытай шекарасында жер сілкінді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 31 тамыз күні Алматы уақыты бойынша сағат 22.13-те «ҚР БҒМ ҰК СТӘЭ» ММ-нің сейсмикалық стансаларының желісі жер сілкінісін тіркеді.

Тәжікстан мен Қытай шекарасында жер сілкінді

Оның ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 605 шақырым қашықтықта Тәжікстан және Қытай шекарасында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 11.6, магнитудасы - 5,3. Тереңдігі - 35 шақырым. Алматыда жер асты дүмпуі сезілген жоқ.