14:47, 25 Тамыз 2023 | GMT +5
Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон жұмыс сапарымен Астанаға келді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон жұмыс сапарымен Астанаға келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың әлеуметтік желідегі ресми парақшасына сілтеме жасап.

«Құрметті қонақты елорда әуежайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды», - деп жазды ақпарат көзі.
Сапар аясында президенттер жоғары деңгейде екіжақты кездесулер өткізеді және Тәжікстанның Қазақстандағы мәдениет күндері аясында өтетін шараларға қатысады деп жоспарланып отыр.









