Тәжікстан президентінің Астанаға сапары қалай өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның Астанаға жұмыс сапары аяқталды. Құрметті қонақты елорда әуежайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев күтіп алған болатын. Сапар аясында жоғары деңгейдегі екіжақты кездесулер, көрме, Қазақстандағы Тәжікстанның мәдениет күндерінің ашылуы өтті, сондай-ақ екі ел басшылары ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі мен елорданың Бас мешітіне барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Келіссөздер

Сол күні Ақордада екі ел президенттерінің шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздері өтті.

«Сізбен елордамызда жүздесіп отырғаныма қуаныштымын. Сіздің сапарыңыз біздің бауырлас елдеріміз арасындағы шынайы достық қарым-қатынасты одан әрі нығайту тұрғысынан зор маңызға ие. Елдеріміз арасындағы стратегиялық серіктестік, одақтастық қарым-қатынас туралы айтуға толық негіз бар. Астанадағы тәжік мәдениеті күндерінің ашылуына Сіздің арнайы келуіңіздің өзі көп нәрсені аңғартады. Сіздің сапарыңызды жоғары бағалаймын», - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Соңғы жаңалықтар