Тәжікстанда 4,4 балдық жер сілкінісі тіркелді
АСТАНА. ҚазАқпарат – Тәжікстанда магнитудасы 4,4 жер сілкісі тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат trend-ке сілтеме жасап.
Агенттіктің хабарлауынша, бұл туралы дүйсенбіде Еуропа-Жерорта сейсмологиялық орталығынан хабарлады. Ақпаратқа сәйкес, жерасты дүмпулерінің эпицентрі Хорог қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 32 шақырым жерде орналасқан. Ошағы 111 шақырым тереңдікте жатты. Қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.