Тәжікстанда болған жер сілкінісінен үш жүзден аса үй қирады

АСТАНА. 11 қараша. ҚазАқпарат - Тәжікстан астанасынан оңтүстік-шығысқа қарай 25 шақырым қашықтықта болған жер сілкінісінен 356 үй қирады, деп хабарлайды РБК. Алдын ала мәліметтер бойынша, құрбан болғандар жоқ, зардап шеккендер туралы хабар келіп түскен жоқ.
None
None

Ғылым академиясы геофизикалық қызмет мәліметтері бойынша, магнитудасы 4.0 соңғы дүмпу жергілікті уақыт бойынша бүгін таңертең сағат 07:05-те (Мәскеу уақыты бойынша 06:05-те) тіркелген. Жалпы алғанда Вахдат қаласының Карим-Исмоил, Раджаб-Исмоил, Бозорбой Борунов және Чорсу ауылдарында үш жер асты дүмпуі болып өткен. Олардың барлығының күші Рихтер шкаласы бойынша 4 балдан 5 балға дейін болған, деп айтып өтті сейсмологтар.

Мемлекет басшысы Эмомали Рахмон жағдайды бақылауға алды.

Соңғы жаңалықтар