Тәжікстанда тағы да 5,6 балдық жер сілкінді

АСТАН. ҚазАқпарат - Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі бүгін Алматы уақытымен 7 сағат 35 минут 54 секунд кезінде жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
Photo: ekonomigundemi.com.tr

Тербеліс ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 636 шақырым жерде, Тәжікстан аумағында болған.

«Зілзаланың энергетикалық санаты – 11.8. MPV магнитудасы - 5,6. Тереңдігі - 20 км. MSK-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат түскен жоқ», - делінген кезекші оператордың хабарламасында.

Еске сала кетейік, бүгін таңертең Тәжікстанда 7 балдық жер сілкінісі тіркеліп, оны алматылықтар сезінген.


Фото: ekonomigundemi.com.tr


Соңғы жаңалықтар