20:25, 31 Тамыз 2010 | GMT +5
Тәжікстанда жаңа ақша банкноттары айналымға шығарылады
АСТАНА. Тамыздың 31-і. ҚазАқпарат - Таяудағы уақытта Тәжікстанда айналымға 3, 200 және 500 сомони ақша банкноттары айналымға шығарылады, деп хабарлады Лента.ру агенттігі.

Бұндай шешім бүгін республика үкіметінің отырысында қабылданды.
Жаңа үлгідегі ақша қыркүйектің 10-ынан бастап қолданысқа енеді. Президенттің баспасөз қызметінен хабарлағандай, оның мақсаты - «қаржы жүйесінің құрылымын жетілдіру» болмақ.
Сомони ақша бірлігі Тәжікстанда 2000 жылы енгізіліп, тәжік рублін алмастырды.