Тәжікстанда жер сілкініп, дүмпуі Шымкент пен Таразда сезілді

АСТАНА. Қыркүйектің 18-і. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігінің Сейсмология институтының мәліметтері бойынша қыркүйектің 18-і күні 01:21-де Тәжікстан Республикасының Гиндугуш аумағында эергетикалық класы К=14,3-ке тең жер сілкінісі орын алды,
None
None

деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Жер сілкінісінің кіндігі Алматы қаласынан оңтүстік, оңтүстік-батысқа қарай 781 шақырымда орын алды. Оның әсері Шымкент пен Тараз қалаларында 2 балдық қуатпен байқалды.

ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, зардап шеккендер мен қаза тапқандар туралы ешқандай мәліметтер түскен жоқ.

Соңғы жаңалықтар