Тәжікстанда жерасты су көздерінің жылуымен вируссыз картоп өсіріледі

Бұл туралы елордада өткен «Болашақтың энергиясы» форумының «Төмен көміртекті технологиялар мен жаңартылатын технологиялық шешімдер» атты екінші конференциясында Тәжікстанның М.Назаршоев атындағы Хоруғ мемлекеттік университетінің профессоры Саидимир Шомансуров мәлім етті.
«Біз жүргізген тәжірибелердің арқасында, соңғы елу жылда түрлі өсімдіктерді өсіру үшін геотермалды жерасты су көздерін жыл бойы пайдалану мүмкіндігіне болдық. Соңғы үш жылда жылыжайлардың көмегімен вируссыз картоп өсіру жолдарын зерттедік. Жылыжайдың жерасты бөліктерін жылыту үшін металл құбырларды пайдаланмыз. Тәжірибе үшін вируссыз картоптың 8 сұрпын көрдік және екі түрін таңдап алдық. Енді картопты ашық алаңда өсіріп жатырмыз және барлық дихандарға ұсынудамыз», - деді С.Шомансуров.
Профессордың айтуынша, геотермалды көздердің энергиясы цитрус, көкөністер секілді түрлі өсімдік дақылдарын өсіруде пайдаланылады. Биік таулы жерлерде күннің ультракүлгін сәулелеріне байланысты, жылыжайларды жабу үшін полиэтилен пленканың екі қабаты қолданылады. Оның біріншісі әдеттегі полиэтилен болса, екіншісі ультракүлгін сәулелерді жібермейтін алкил-оксибензофеноннан жасалады. Мұндай жабыны бар жылыжайлардағы көкөністердің өнімділігі қарапайым полиэтиленмен жабылған жылыжайлармен салыстырғанда екі есеге көбірек болады.
Вируссыз картоп өсіру технологиясы картопты ауруға шалдықтыратын түрлі вирустар мен микробтарды жою үшін тұқымдық материалды жоғары температурада өсіру арқылы жүзеге асады.