Тәжікстандағы бүлікшіл генералдың мерт болғаны расталды

Тәжікстанның ІІМ мен Мемлекеттік Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметтерінше, бүлікшіл генерал Назарзода мен оның 11 жақтасы Рамит аңғарында өткен арнайы әскери іс-қимылдар барысында берілуден бас тартқан соң өлтірілді.
«Лаңкестер бой бермей қарсыласты. Қожа Халим Назарзоданың бандиттік тобының басшысы, қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары Эшони Жунайдулло Омаров пен оның 10 сыбайласы өлтірілді», - делінген ІІМ-нің ресми хабарламасында.
Бұған дейін күш құрылымдары қызметкерлері Назарзоданың қарулы жақтастарымен Рамит аңғарындағы қақтығысы кезінде «Альфа» лаңкестікке қарсы бөлімшесінің командирі, полковник Рустам Амакиевтің, сондай-ақ арнайы тағайындалған милиция жасағы мен «Альфаның» үш қызметкері қаза болғаны белгілі болды.
Тәжікстан билігі Назарзода мен оның жақтастарын 4-6 қыркүйек күндері аралығында күш құрылымдары өкілдеріне қарсы жасаған бірқатар қарулы шабуылдары үшін айыптады. Бұл шабуылдардың салдарынан 20-дан астам адам қаза тапты. Оннан аса күдікті адам ұсталды.