21:35, 11 Тамыз 2015 | GMT +5
Тәжікстанның экс-министрі Саидов 29 жылға сотталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Душанбеде белгілі кәсіпкер, өнеркәсіп және энергетика экс-министрі Зайд Саидов ісіне қатысты соттың екінші отырысы өтті. Оны үш жылға соттады.

Сот Саидовты Тәжікстанның Қылмыстық кодексінің алты бабы бойынша айыпты деп тапты. Оның ішінде мүлікті ысырап ету, пайданы заңсыз жасыру, салықты төлеуден жалтару және қызметтік бабын асыра пайдалану бар.
Осыған дейін Зайд Саидов зорлау, көп әйел алу, пара алу, алаяқтық және бостандықтан айыру айыптары бойынша 26 жылға сотталған.
Осыған сәйкес енді Саидов тағылған барлық айып үшін 29 жылға бостандығынан айырылды.