Тәжіктің Қорғантөбе қаласының бір көшесі Қазақ деп аталды, қазақстандық кино күндері ашылды
Кинотеатр фойесінде «Қазақстан: Тәуелсіздіктің 20 жылы» фотокөрмесі таныстырылды.
Оның ашылуында сөйлеген Қазақстан елшісі Ағыбай Смағұлов фильмдер фестивалі мен фотокөрме Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына орайластырылып отырылғанын және Қазақстан мен Тәжікстан президенттерінің жоғары деңгейдегі қарым-қатынастарына негізделген екі елдің жан-жақты ынтымақтастығының, екі ел халықтарының арасындағы тату көршілік байланыстардың қисынды жалғасы екенін атап өтті.
Дипломат қазіргі қазақ киносының дамуы жайлы айтып берді және мұндай шаралар мәдени байланыстарды одан әрі дамыту мен нығайтуға жәрлемдесетінініне сенім білдірді.
Сол күні Қорғантөбеде этникалық қазақтар тұратын қала көшелерінің бірін «Қазақ» көшесі деп атау рәсімі өтті.
ҚР елшісі және Қорғантөбе қаласының төрағасы Шарифхон Самиев көше атауының белгісін салтанатты түрде орнатты. Осы шараға орай аймақта тұратын қазақ диаспорасының өкілдері салтанат ұйымдастырды.