19:07, 16 Қаңтар 2009 | GMT +5
Тәжірибе қайталануымен құнды
ӨСКЕМЕН. Қаңтардың 16-сы. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ – «Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің және «Нұр Отан» ХДП аймақтық филиалының осындай іс-шараларды өткізудегі бастамасын қолдауымыз керек». Бұл туралы бүгін ҚР Білім және ғылым министрінің кеңесшісі Венера Жексенбекова Өскеменде өтіп жатқан республикалық семинар-кеңесте айтты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Жоғары білім саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес технологияларының жүйесі» семинарындағы негізгі баяндаманың алдында оны енгізу тәжірибесі жайлы республикадағы әріптестерімен бөліскен Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің ғалымдары, ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері олардың ведомстволарындағы «жаңалық» туралы хабарлады. «Білім және ғылым министрінің поштасы» веб-сайты құрылды, кез келген студент жоғары оқу орнындағы сыбайлас жемқорлық туралы хат жаза алады. Иә, бүгінгі күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес барлық деңгейлерде жүргізілуде», ? деп атап көрсетті министрдің кеңесшісі.Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде «Университет сыбайлас жемқорлықтан тыс» жобасының енгізілгені туралы пікір алмасу барысында ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілі осы бірегей тәжірибенің «еліміздің барлық жоғары оқу орындарында жаппай таратылуы тиіс» екендігін атап көрсетті.Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті мен «Нұр Отан» ХДП бастамашы болған жоғары оқу орындары жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тәжірибесімен алмасу жөніндегі республикалық семинар-кеңестің жұмысы ҚР Білім және ғылым министрлігінің, барлық күш-қуат, қадағалау және құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен жалғасуда. Семинарға «Нұр Отан» ХДП Партиялық бақылау комитетінің төрағасы Боран Рахымбеков қатысып отыр.