Тәжікстан 2037 жылға қарай толығымен «жасыл» елге айналуды жоспарлап отыр

АСТАНА. KAZINFORM — Тәжікстан 2037 жылға қарай толық «жасыл» республика мәртебесіне жетуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Тәжікстан Республикасы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі. 

Таджикистан планирует стать полностью «зеленой» страной к 2037 году
Фото: DALL-E

Бұл туралы республиканың Энергетика және су ресурстары министрі Далер Джума Kazakhstan Energy Week-2025 шарасы аясында өткен Жаңартылатын энергия көздері халықаралық агенттігінің (IRENA) дөңгелек үстел отырысында мәлімдеді.

Ол республика өзінің ұзақ мерзімді даму стратегиясына сәйкес 2032 жылға қарай жаңартылатын энергия көздеріне толығымен көшуді жоспарлап отырғанын атап өтті. Бүгінде елдегі электр энергиясының шамамен 98 пайызы су электр станцияларында өндіріліп жатыр.

— Соның арқасында Тәжікстан көмірқышқыл газын шығаратын елдердің қатарына кіріп отыр. Тәжікстанның ұзақ мерзімді мақсаты — 2037 жылға қарай толығымен «жасыл» ел мәртебесіне жету, — деп атап өтті Джума.

Бұған дейін Орталық Азия елдері 2015-2024 жылдары «жасыл» энергетикаға көшуде біршама табысқа жеткені туралы хабарланған болатын, бірақ энергетика секторы негізінен «қызыл» күйде қалып отыр.

Қазақстандықтар жасыл энергетика саласында қандай патенттер тіркегенін мына материалдан оқи аласыз.

Соңғы жаңалықтар