Тәжікстан әскери дәрігерлер дайындауға кірісті

АСТАНА.KAZINFORM - Тәжікстанның Абуали ибн Сина атындағы мемлекеттік медициналық университетінде әскери дәрігерлерді даярлайтын жаңа факультет ашылды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Таджикистан запускает подготовку военных врачей
Фото: tajmedun.tj

- Қыркүйек айынан бастап Ұлттық тестілеу орталығы арқылы факультетке 100 үміткер - 80 ұл және 20 қыз қабылдана алады. Оқу ақысы субсидияланады,- деп хабарлады оқу орнының ректоры Мухиддин Нуриддин баспасөз мәслихатында.

Ол бұл мамандықты алып шыққандар әскери және құқық қорғау органдарында жұмысқа орналаса алатынын айтты.

Ректор сонымен қатар факультеттің ашылуы әскери медициналық қолдаудағы кадр тапшылығын толтыруға арналғанын және елдің денсаулық сақтау саласын дамытудағы маңызды қадам екенін атап өтті.

Бұған дейін түрік университеттері оқу мерзімін үш жылға қысқартуы мүмкін екенін хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар