Тәжікстан Иранға гуманитарлық көмек жіберді

АСТАНА. KAZINFORM - Тәжікстан үкіметі президент Эмомали Рахмонның бұйрығымен Иран халқына гуманитарлық көмек жіберді, деп хабарлайды Kazinform-ның Душанбедегі меншікті тілшісі

Таджикистан направил гуманитарную помощь Ирану
Фото: Тәжікстан президентінің баспасөз қызметі

ТР басшысының баспасөз қызметі https://president.tj/event/news/54909 хабарлағандай, гуманитарлық көмек 3610 тонна жүкті құрайды, оның ішінде 45 тонна дәрі-дәрмек, санитарлық-гигиеналық тауарлар, балалар киімдері, түрлі азық-түлік өнімдері, тұрмыстық заттар, төсек-орын жабдықтары, шатырлар, құрылыс материалдары және басқа да қажетті заттардың үлкен көлемі.

- 18 наурызда 110 ірі жүк көлігінен тұратын тәжікстандық гуманитарлық көмек керуені. Иран Ислам Республикасына жол тартып, жақын арада достас және бауырлас елге жетеді, - деп қосты баспасөз қызметі.

Бұған дейін Әзербайжан Иранға гуманитарлық көмек жібергенін хабарладық.

 

Соңғы жаңалықтар