Тәжікстан кеңселерінде міндетті дене шынықтыру жаттығулары енгізілді
АСТАНА. KAZINFORM — Тәжікстанда барлық мекеме мен ұйымның қызметкерлері үшін заңмен міндетті дене шынықтыру жаттығулары енгізілді. 17 маусымда Республика Президенті Тәжікстанның Денсаулық сақтау кодексіне тиісті түзетулер енгізді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Душанбедегі тілшісі.
Қабылданған түзетулерге сәйкес, барлық мемлекеттік және жекеменшік мекемелердің қызметкерлері күніне кемінде 20 минут дене шынықтыру жаттығуларымен айналысуы керек.
Бұл өзгеріс семіздік пен қант диабетінің алдын алуға және денсаулықты нығайтуға бағытталған.
Аталған талап барлық ұйымдарға қолданылады және басшылар оған жауапты.
Әкімшілік қызметкерлердің дене шынықтырумен айналысуына және мұндай іс-шараларға жеке қатысуына жағдай жасауға міндетті.
Бұл талапты орындамау тәртіптік жаза мен сөгістерді қоса алғанда, айыппұлдарға әкеп соғады.
Осыған дейін Тәжікстанда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай ауқымды рақымшылық жарияланғанын жаздық.