Тәжікстан мен Қазақстан ядролық және радиациялық қауіпсіздік саласында ынтымақтасуға келісті
АСТАНА. KAZINFORM – Тәжікстан Ұлттық ғылым академиясының химиялық, биологиялық, радиациялық және ядролық қауіпсіздік агенттігі мен Республикалық мемлекеттік «ядролық физика институты» ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп жазады Ховар агенттігі.
Құжат екі мекеме арасындағы ядролық және радиациялық қауіпсіздік пен ғылыми зерттеулер саласындағы ұзақ мерзімді және өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.
Сондай-ақ меморандумда бірлескен ғылыми зерттеулер, тәжірибе алмасу, ғылыми-тәжірибелік конференциялар ұйымдастыру қарастырылған.
Меморандумның негізгі аспектілерінің бірі – жас мамандарды даярлауға және алмасуға дайын болу.
Бұған дейін Ақорда 22-23 тамыз күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Эмомали Рахмонның шақыруымен Тәжікстан Республикасына мемлекеттік сапармен баратынын мәлімдеген еді.