Тәжікстан Орталық Азияның ортақ көлік-логистикалық кеңістігін қалыптастыру бастамасын көтерді

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуіне қатысқан Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон аймақтағы көлік дәліздерін дамытуға назар аудару керектігін мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі. 

Тәжікстан Орталық Азияның ортақ көлік-логистикалық кеңістігін қалыптастыру бастамасын көтерді
Фото: Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі

— Транзиттік маршруттарға деген сұраныстың артқан кезеңінде біздің аймақ көлік және логистикалық байланыстардың стратегиялық торабына айналып жатыр. Көлік-коммуникациялық инфрақұрылымды интеграциялау және логистикалық процестерді цифрландыру арқылы осы саладағы ынтымақтастықты жүйелі жолға қою қажет. Сондай-ақ, теміржол, әуе және аралас тасымал бағытындағы мүмкіндікті ұтымды пайдалану орынды. Бұл жүк тасымалын ұлғайту және өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Осы ретте, Орталық Азияның ортақ көлік-логистикалық кеңістігін қалыптастыруды ұсынамыз, — деп мәлімдеді Эмомали Рахмон.

Еске салайық, саммит барысында Әзербайжан Орталық Азия басшылары Консультативтік кездесуінің тең құқылы мүшесі атанды.

Сондай-ақ, саммитте сөз сөйлеген Мемлекет басшысы бірқатар маңызды бастама көтерді.

Соңғы жаңалықтар