15:50, 30 Мамыр 2025 | GMT +5
Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Астанаға келді
АСТАНА. KAZINFORM — Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

— «Орталық Азия — Италия» саммитіне қатысу үшін Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон Астанаға келді, — делінген хабарламада.


Осыған дейін Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Астанаға келгенін жазғанбыз.
Айта кетейік, кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Италия Премьер-министрі Джорджа Мелониді елорда әуежайынан күтіп алды. Мемлекет басшылары әуежайында аз-кем әңгімелесті.
Сонымен қатар, бүгін «Орталық Азия – Италия» саммитіне қатысу үшін Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров Қазақстанға келгенін жаздық.