Тәжікстан президенті Қырғызстанға сапарлайды

АСТАНА. KAZINFORM — 12 наурызда Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Қырғыз Республикасына мемлекеттік сапармен барады.

Эмомали Рахмон и Садыр Жапаров, Кыргызстан, Таджикистан
Фото: ҚР Президентінің баспасөз қызметі

Қырғыз Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі Мұратбек Азымбакиевтің ақпараты бойынша осы сапар аясында оның мәртебесіне сәйкес салтанатты іс-шаралар, сондай-ақ Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің Төрағасы Нұрланбек Тұрғынбекуулы және Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің төрағасы Адылбек Қасымалиевпен екіжақты кездесулер жоспарланған.

— Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров пен Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонның Бірлескен мәлімдемесін қабылдау, Қырғыз Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасында Мемлекеттік шекара туралы келісімге және басқа да екіжақты құжаттарға қол қою жоспарланып отыр, — деп атап өтті М.Азымбакиев.

Бұған дейін Қырғызстан мен Тәжікстан шекара мәселесін толық реттегенін жазған болатынбыз. 

Жогорку Кенеш комитеттерінің бірлескен отырысында Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы мемлекеттік шекара туралы үш келісім мақұлданды.

Соңғы жаңалықтар